- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті ҚХР қорғаныс министрімен кездесті
ҚР Президенті ҚХР қорғаныс министрімен кездесті
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай бүгінде ынтымақтастықтың жаңа кезеңінде тұрғанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР қорғаныс министрін Бейжіңде Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парадтың табысты өтуімен құттықтады. Қазақстан Президенті Қытайдың халық-азаттық армиясы осы шара барысында бүкіл әлемге өзінің қуаты мен техникалық жарақтану деңгейін көрсеткенін айтты. Осы орайда екі елдің қорғаныс министрліктері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ҚХР-дың Орталық Азиядағы ядролық қарудан ада аймақ туралы шартқа қатысты кепілдігін Қазақстан жоғары бағалайтынына назар аударды.
Чан Ваньцюань өткізілген кездесу үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізді.
ҚХР қорғаныс министрі сондай-ақ Қазақстан Президентінің елдің жаңа келбетін қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтті.
«Біз Сізді ұлы саясаткер және стратег санаймыз. Сіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына зор үлес қостыңыз, халық арасындағы беделіңіз зор», – деді Чан Ваньцюань.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары