• Басты
  • Жаңалықтар
  • Талдықорған мен Текеліде «Уақытты біріктіретін желі» қайырымдылық концерті өтеді

Талдықорған мен Текеліде «Уақытты біріктіретін желі» қайырымдылық концерті өтеді

12 Қазан, 2015 20:43
Қазан айының 13 күні Талдықорған қаласында І.Жансүгіров ат. Мәдениет сарайында, 14 күні Текелі қаласының Мәдениет үйінің сахнасында «Уақытты біріктіретін желі » жобасының қайырымдылық концерттері өтеді, деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

«Дегдар» гуманитарлық қоры JTI компаниясымен бірлесе, қордың Қамқорлық кеңесінің төрайымы Д.Н.Назарбаеваның бастамасымен 5 жылдан бері «Времен связующая нить» қайырымдылық жобасын жүзеге асырып келеді.

Мақсаты – музыка арқылы қазақстандықтардың әр буын өкілдерінің басын қосу, жастар бойына соғыс және еңбек ардагерлеріне деген  құрметті, Отан қорғаған ерлерге, бүгінгі Қазақстанның іргетасын қалауға күш салысқандарға ризашылық сезімдерін сіңіру.

Жоба аясында еліміздің 20 қаласында отандық классика сахна жұлдыздарының қатысуымен 30 концерт жақсы табыспен өтті. Оған соғыс және еңбек ардагерлері шақырылды. Концерттер Қазақстандағы айтулы залдарда өтті.

Жобаның ұйымдастырушылары биік өнерді әлеуметтік жағдайы әртүрлі жандардың бәрі бірдей тамашалай алуына жағдай жасайды, сондықтан концерттердің барлығына кіру тегін.

Жобамыз барған қалалардағы ардагерлердің бәріне мерекелік дастарханға дәмдер жеткізілді. Биылғы жылдың өзінде Қазақстанның әр бұрышында 1187 жан осындай сыйлықтарға ие болды. Бұлардың қатарында Талдықорған мен Текелі қалаларының ардагерлер де бар.

 

Барлық жаңалықтар