- Басты
- Жаңалықтар
- Қытай қазақстандық армияға ақысыз негізде техника береді (ФОТО)
Қытай қазақстандық армияға ақысыз негізде техника береді (ФОТО)
Бүгінгі кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ақысыз негізде техникалық көмек көрсету туралы ҚР және Қытай арасындағы келісімге қол қойылды. Келісім тралдары бар ершікті тартқыштар мен тиеу-азайту тұғырын беруді көздейді. Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қытай өкілдерін Астана қаласында 2016 жылдың маусымында өтетін «КАДЕКС-2016» әскери техника мен қару-жарақтың халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.
«Қытай қорғаныс өнеркәсібі кешенінің экспозициясы жоғары деңгейде ұсынылады деп үміттенемін. Бұл біздің әскери-техникалық ынтымақтастығымызға қосымша серпін береді», - деді қорғаныс ведомствосының басшысы. Өзара іс-қимыл жасаудың маңызды аспектісі бірлесіп дайындалу және ассиметриялық қауіп-қатерлерге (арнайы мақсаттағы бөлімшелерді дайындау) қарсы іс-қимыл жөніндегі әлеуетті арттыру аясында тәжірибе алмасу болып табылады. Қазақстан таулы даярлық, жауынгерлік жүзушілерді дайындау, қарулы күштер арнайы бөлімшелерінің қалалық жағдайлардағы әрекет етуі бойынша бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға мүдделі.
Жақын арада Қытай мен Қазақстанның аумағында бірлескен роталық-тактикалық лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуының өтуі жоспарлануда. Одан басқа, екі елдің өзара іс-қимылында әскери білім беру саласы маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда қазақстандық әскери қызметшілер Қытайдың ұлт-азаттық армиясының әскери жоғары оқу орындарында білім алуда. ҚР-ның әскери қызметшілері Қытай армиясының түрлік (ӘӘК, ӘТК және ҚӘ) академияларында, сондай-ақ әртүрлі мамандықтар бойынша даярлау курстарында білім нәрін сусындауда.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады