• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Ұлыбританияның ынтымақтастығы аясында ҚР-да бұрғылау қондырғыларын құрастыру өндірісі ұйымдастырылады

Қазақстан мен Ұлыбританияның ынтымақтастығы аясында ҚР-да бұрғылау қондырғыларын құрастыру өндірісі ұйымдастырылады

31 Қазан, 2013 10:07
Лондонда қазақстан-британдық инвестициялық жобалардың жүзеге асу мәселелері талқыланды, деп Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі хабаралады.

«Тараптар Ұлыбританияның Премьер-министрі Дэвид Кэмерон шілде айында Қазақстанға келген кезде қол жеткізілген жаңа уағдаластықтардың қазіргі мәртебесін талқылады. Еске сала кетейік, сол кезде екі елдің іскерлік топтары арасында мұнай-газ машина жасау, мұнай өндіру, тау-металлургия кешені, ғылым және инновациялар, ақпараттық технологиялар саласында жалпы сомасы шамамен 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 13 келісім мен меморандумдарға қол қойылды», - деп хабарламада нақтыланған.

Осы уақытта Ұлыбританиямен жасалған келешегі зор жобалардың арасында мыналарды ерекше белгілеуге болады: Dando Drilling International компаниясымен бірге Қазақстанда бұрғылау қондырғыларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру, ҚР ИЖТМ және «Rio Tinto» компаниясымен бірге геологиялық зерттеулер орталығын жасау. Сондай-ақ, Кэмбридж Университетімен ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа айрықша көңіл бөлінді.

 

Барлық жаңалықтар