Қазақстанда «Егінжай» бағдарламасы бойынша 428 займ қаржыландырылды

13 Қазан, 2015 08:37
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жыл басынан бері «Егінжай» бағдарламасы бойынша егін егу және жинау жұмыстарына жалпы сомасы 1 598,9 млн теңге болатын 428 займды қаржыландырды, деп қордан хабарлады.

Айта өтейік, өнім шығарушы заемшыларды қаржыландыру мақсатында «Ырыс» микронесие ұйымы 500 млн теңгеге қаржыландырылды. Қомақты қаржы 500-ден астам дайын өнім шығарушыларды микронессиелендіруге бағытталды.

«Егінжай» бағдарламасын қор 2010 жылы шағын жер телімі бар ауылдық кәсіперлер мен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында жасақтады.

 «Егінжай» бағдарламасы бойынша займ 1 млн-нан 6 млн теңгеге дейінгі көлемде беріледі. Сонымен қатар ол 3 жылға есептелген. Осы уақыт аралығында заемшы егін егіп, оны жинап және саудаға шығарып үлгереді. Келер жылы ол құжаттарды қайта рәсімдеп жүрмейді, ол кезде оған несиелік қаржы жылдық 9,5 % пайыздық үстемақымен «несие желісі» бойынша қайта беріледі.  

 «2010 жылдан бастап «Егінжай» бағдарламасы бойынша ауылдық кәсіперлер мен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында жалпы сомасы 6,6 млрд теңге болатын 1 700-ден астам займ берілді», - деді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несиелендіру денпартаментінің директоры Ерлан Ыдырысов.

Барлық жаңалықтар