• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан 2030 жылға қарай атмосфераға шығатын қалдықты 25 пайызға қысқартуға ұмтылуда

Қазақстан 2030 жылға қарай атмосфераға шығатын қалдықты 25 пайызға қысқартуға ұмтылуда

12 Қазан, 2015 12:03
Қазақстан жаһандық ауа-райының өзгеруіне өз үлесін қосуда, 2030 жылға қарай атмосфераға шығатын қалдықты 15-25 пайызға қысқартуға ұмтылуда, деді Энергетика министрі Владимир Школьник Астанадағы «Қазақстан Республикасының 2021-2030 жылдарға арналған парникті газды шығаруды азайту бойынша ұлттық міндеттемелері» семинары барысында.

«Қазақстан халықаралық үрдістердің толық қатысушысы ретінде жаһандық ауа-райының проблемаларына өз үлесін қосуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік эономикадағы тұрақтылыққа жету  бастамасы әлемдік қауымдастықтың жоғары бағасына ие болды. Оның ішінде Астанада «жасыл» технологияларды дамыту туралы халықаралық орталықтың құрылуы ұсынысы тұрақты дамудың 13 мақсатының тиімділерінің бірі болып есептеледі», - деді В.Школьник.

Министр атап өткендей, Қазақстан жаһандық ауа-райының өзгеруін тұрақтандыру үшін өз үлесін қосуда. 2030 жылға қарай атмосфераға шығатын қалдықты 15-25 пайызға қысқартуға ұмтылуда.

«Бұл мақсатты қызмет болып есептеледі, бұл ұлттық экономиканы тазарту бойынша кешенді шараларды талап етеді», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

Барлық жаңалықтар