• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Ашықбаев: Н.Назарбаевтың БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру бастамасы ҚР белсенділігінің ұстанымын айқындайды

Е.Ашықбаев: Н.Назарбаевтың БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру бастамасы ҚР белсенділігінің ұстанымын айқындайды

12 Қазан, 2015 11:48
Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында айтылған БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру бастамасы ҚР белсенділігінің ұстанымын айқындайды, деді ОКҚ-дағы брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.

Ол атап өткендей, бұл бастаманың келешегі бар, халықаралық қауымдастық та аталмыш ұсынысқа назар аударып жатыр.

«Бұл шешім аясында Қазақстанның белсенділігі көрсетілген, бізге Қазақстанда орналасқан халықаралық ұйымдар мандатын кеңейту бойынша ұсыныстар келіп түсуде. Демек, бұл ұйымдардың   штаб-пәтерлері ұлттық кеңеселеріне өңірлік, халықаралық кеңсе мәртебесі беріледі», - деді ол.

ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына қатысушы адам ретінде   атап өткендей, БҰҰ Бас Ассамблеясындағы аудитория мен Ұйымның хатшылығы ұсынысқа белсенді қарады.

«Меніңше, бұл ұсыныс мемлекет басшылары мен БҰҰ штаб-пәтері үшін ойлану үшін азық. Бұл ұсынысқа бей-жай қараған адам болмады. Бұл қашан жүзеге асырылатындығын айту қиын, барлығы даму үстінде болуы тиіс», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар