• Басты
  • Жаңалықтар
  • С. Қайырбекова Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Бірінші вице-министрінің қызметінен босатылды

С. Қайырбекова Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Бірінші вице-министрінің қызметінен босатылды

12 Қазан, 2015 11:39
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 9 қазанындағы қаулысымен Салидат Зикенқызы Қайырбекова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Бірінші вице-министрінің қызметінен босатылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Салидат Қайырбекова 2010 жылдың қазанынан 2014 жылдың тамыз айына дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарды. 2014 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын.

 

Барлық жаңалықтар