• Басты
  • Жаңалықтар
  • Осы жылдың 7 айында ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 5650,4 млрд теңгені құрады

Осы жылдың 7 айында ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 5650,4 млрд теңгені құрады

12 Қазан, 2015 18:46
2015 жылғы шілденің соңындағы жағдай бойынша ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 5650,4 млрд. теңге, шетел валютасында - 6152,5 млрд. теңге болды. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 47,9% құрады, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

2015 жылғы шілденің соңында резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің  көлемі 11802,9 млрд. теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері  7415,8 млрд. теңге, жеке

тұлғалардың депозиттері  4387,0 млрд. теңге болды.

Банктердегі халықтың салымдары (бейрезиденттерді есептегенде) 2015 жылғы шілде айында 4423,2 млрд. теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды. Халықтың салымдары құрылымында теңгедегі

депозиттер 1410,7 млрд. теңге, шетел валютасында  3012,5 млрд. теңге құрады. Халықтың  салымдары құрылымында теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 31,9% құрады.

2015 жылғы шілденің соңында мерзімді депозиттер 8085,5 млрд. теңге болды. Мерзімді  депозиттердің құрамында ұлттық валютадағы депозиттер 3328,4 млрд. теңге, шетел валютасындағы депозиттер  4757,1 млрд. теңге болды. 2015 жылғы шілдеде банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді  депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 4,9%, жеке тұлғалардың депозиттері  бойынша  7,7% болды.

Барлық жаңалықтар