• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-ның халықаралық резервтері 2015 жылдың тамызында 97,9 млрд теңгеге ұлғайды – Ұлттық банк

ҚР-ның халықаралық резервтері 2015 жылдың тамызында 97,9 млрд теңгеге ұлғайды – Ұлттық банк

12 Қазан, 2015 11:23
2015 жылғы тамызда елдің халықаралық резервтері, жалпы алғанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (68,8 млрд. АҚШ доллары) қоса алғанда, 97,9 млрд. АҚШ долларына дейін 0,7%-ға ұлғайды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

2015 жылғы тамызда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 29,1 млрд. АҚШ долларына дейін 0,4%-ға ұлғайды. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 28,3 млрд. АҚШ долларына дейін 0,3%-ға ұлғайды.

2015 жылғы тамызда ақша базасы 11,3%-ға кеңейіп, 4307,3 млрд. теңге болды (жыл басынан 26,2%-ға кеңейді). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есепке алмағандағы ақша базасы 4173,2 млрд. теңгеге дейін 19,6%-ға кеңейді.

2015 жылғы шілденің қорытындысы бойынша ақша массасы 12938,2 млрд. теңге (жыл басынан 1,0%-ға ұлғайды), айналыстағы қолма ақша  1135,3 млрд. теңге (жыл басынан 1,2%-ға

ұлғайды), банк жүйесіндегі депозиттер  11802,9 млрд. теңге (жыл басынан 0,9%-ға ұлғайды) болды.

Ақша массасының құрылымында депозиттердің үлесі 2015 жылғы шілденің қорытындысы бойынша 91,2%-ды құрады.

2015 жылғы шілденің қорытындысы бойынша ақша мультипликаторы 2015 жылғы қаңтар- шілде аралығында тіркелген ақша массасының өсуі қарқынымен салыстырғанда ақша базасының кеңеюінің басым болуы салдарынан 3,34-ті құрады.

 

 

Барлық жаңалықтар