• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ҚР-ның 2021-2030 жылдарға арналған парникті газ шығаруды азайту міндеттемелері талқылануда

Астанада ҚР-ның 2021-2030 жылдарға арналған парникті газ шығаруды азайту міндеттемелері талқылануда

12 Қазан, 2015 11:08
Астанада «Қазақстан Республикасының 2021-2030 жылдарға арналған парникті газды шығаруды азайту бойынша ұлттық міндеттемелері» тақырыбымен семинар өтуде.

Семинар Қазақстан Республикасының парникті газдарды шығаруды азайту бойынша ұлттық міндеттемелерін таныстыру және аталмыш салдағы негізгі құқықтық заңнаманы жетілдіру мақсатында өткізілуде.

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша Қазақстан ұлттық міндеттемелерді бекітті, осылайша жаһандық климаттың өзгеру белсенділігін төмендетуге өз үлесін қосуда. Қазақстанның ұлттық міндеттемелерді қабылдауы оның әлемдік қауымдастықтың алдындағы жауапкершілігін сезінетінін білдіреді.

Шараны ҚР Энергетика министрлігі «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп өткізуде.

Семинар қорытындысы бойынша аталмыш саладағы заңнаманы жетілдіру мақсатында ұсыныстар жасақталатын болады.   Сонымен қатар парникті газды қадағылау бойынша мемлекеттік мониторинг шараларын жетілдіру қарастырылған.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар