Алматы облысында 30-дан астам экспорттаушы кәсіпкер бар

31 Қазан, 2013 09:44
Алматы облысы бойынша ҮИИБ МБ бойынша 30-дан астам экспорттаушы кәсіпкер бар, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

2012 жылы 5 кәсіпкерлік экспорт шығынын өтеу үшін 9 млн теңге көлемінде қаражат алған.Бұдан бөлек тұрақты түрде экспорттаушы кәсіпкерлер арасында экспорт шығынын анықтау және бағдарлама бойынша өзге де жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Биылғы жылдың сәуір айында «KAZNEX INVEST» АҚ мен «КаzExport Garant» АҚ өкілдерінің қатысуымен аталмыш бағдарлама бойынша семинарлар өткізілді.

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы облысынан Индустриаландыру картасына 331,6 млрд теңгелік 49 жоба енді. Ондағы жалпы жұмыс орны исаны 7289.

2010-2012 жылдар аралығында облыста 235,3 млрд теңгелік 35 жоба қолданысқа берілді. Ол жерде жаңадан 5 142 жұмыс орны ашылған.

Солардың ішінде 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында 3,1 млрд теңгеге 4 жоба іске асырылды. Жұмыс орны саны ол жерде 246-ке жетті.

Ал екінші жарты жылдықта 4,3 млрд теңгеге 1038 жаңа жұмыс орнын ашатын 4 жоба қолданысқа берілу жоспарланып отыр.

2014-2015 жылдарға облыста 88,9 млрд теңгеге 863 жаңа жұмыс орнын ашатын 6 жоба жоспарланып отыр.

Барлық жаңалықтар