Қазақстанның өндірушілері Чехиядағы әріптестерімен байланыс орнатуда

12 Қазан, 2015 10:37
Чех компанияларының басшылары Чехия Республикасы Злинск өңірі кеңесі мүшелерімен бірлесіп Қазақстанның сыртқы сауда палатасын аралады, деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП.

Тараптар Злинск өңірі мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты экономикалық қатынасты талқылады.

Чех кәсіпкерлері Қазақстан Республикасының сыртқы сауда палатасы үшін Злинск өңірінің өндірістік және экономикалық әлеуетін таныстырды.  Чех компанияларының басшылары қазақстандық бизнеспен және өндіріспен серіктестік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін жеткізді.

Айта өтейік, Злинс өңірінің бизнес делигациясының құрамына 14 кәсіпорын мен аймақтың өкілдері енді. Олар техникалық парк, машина құрылысы, тамақ өндірісі, көлік және логистика, медицина, ақпараттық технология салаларынан болды.  

Барлық жаңалықтар