- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында 1 ай ішінде 5 аудан газбен қамтылды (ФОТО)
Қызылорда облысында 1 ай ішінде 5 аудан газбен қамтылды (ФОТО)
Айта кетейік, Қызылорда облысы әкімдігі мен "ҚазТрансГаз" АҚ арасында былтыр жасалған меморандумға сәйкес, Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Арал аудандары мен Байқоңыр қаласын газдандыруға қажетті қаражат бөлінген. Ал, облыстың қалған аудандары келесі жылы газбен қамтылатын болады. Ол жұмыстарға қажетті 16 млрд. теңгені Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі инвестициялайтын болады.
«Біз өте қуаныштымыз. Пеш жағып, күл шығару машақатынан құтылдық. Біз үшін арман болған көгілдір отын үйімізге жетті. Бұдан артық қандай мереке керек», - жаңақорғандық, 5 баланың анасы Гаухар Бекмырзаева.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ауданға арнайы барып, тұрғындарының қуанышымен бөлісті.
«Елбасы елді мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге басты назар аударуды тапсырған. Бұл соның жемісі. Жалпы алғанда, облыста әлеуметтік мәселелер тиімді шешіліп келеді: «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбыры және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық тас жолы салынды. Енді газды аудан орталықтарына жеткізетін құбырлары салынып бітті. Енді жаңақорғандықтар үшін шешемін таппаған күрмеуі қиын мәселе ауыз су болатын. Су құбырларын салу жобасы 2016-2018 жылдары жоспарланғанымен, біз жұмысты биыл бастай беруге шешім қабылдап, жақында алғашқы 200 млн. теңгені бөлетін болдық. Енді жақын арада жұмыс басталады. Осылайша, рет-ретімен халықтың тіршілігі үшін қажетті мәселелерді шеше береміз», - деді облыс әкімі.
«Біздің жобамыздың басты ерекшелігі – облысқа отандық газ жүргізілетін болады, яғни газ тоқтаусыз беріледі. Халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына жеңілдіктер қарастырылған. Тұрғындардың жағдайына қарай отырып, пайызы төмен несиелер арқылы біртіндеп төлеу мүмкіндігін де қарастырдық. Сонымен қатар, тамыз бен қазан аралығында пеш және есептеуіш құралдарын сатып алушыларға 45 пайыздық жеңілдік беріледі», - деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның бас директоры Ибулла Сердиев.
Жаңақорғандықтардың қуанышында шек жоқ. Талай жылғы армандары орындалған аудан тұрғындарының атынан ардагерлер кеңесінің төрағасы Зинабдин Шермағанбет құттықтау сөз сөйлеп, Елбасына Сыр жұртшылығының атынан алғысын жолдады.
Айта кету керек, келесі аптада Шиелі ауданын газдандыру басталады, одан кейінгі кезекте – Қазалы және Арал аудандары бар.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады