• Басты
  • Жаңалықтар
  • Оңтүстік Кореяда қазақстандық студенттер велошерумен Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өтті (ФОТО)

Оңтүстік Кореяда қазақстандық студенттер велошерумен Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өтті (ФОТО)

10 Қазан, 2015 14:31
Қазақ хандығының 550-жылдығына орай Оңтүстік Кореяда білім алып жатқан студенттер Қазақстан Республикасының Сеулдегі Елшілігімен бірлесіп Оңтүстік Кореяның қалалары бойынша велошеру өткізді.

Жас энтузиастар үш күн ішінде Таң самалы елінің күздің көркем көрінісі бойы 550 км жолы арқылы жүріп, Ұлы Дала елі туралы кездескендерге таныстырып оралды, деп хабарлады ҚР СІМ.        

«12 адамнан тұратын велосипедтік команда 2015 ж. 7 қазанда Сеулден бастап, Соннам, Сувон, Осан, Чонан қалаларына тоқтап, Сэджон әкімшілік орталығы арқылы Оңтүстік Кореяның технологиялық бас қаласы Тэджонға жетіп, ү.ж. 9 қазан күні Сеулге қайтып келді», - делінген хабарламада.

Айта өтейік, осы іс-шараның басты мақсаты – Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ілгерілету. Қазақстандық студентер өз үлгілерімен адамның мүмкіндіктерін және қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын көрсетті.

Барлық жаңалықтар