- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің 500-ден астам сержанты еліміздің және шетелдің жоғары оқу орындарында қосымша білім алды
ҚР ҚК-нің 500-ден астам сержанты еліміздің және шетелдің жоғары оқу орындарында қосымша білім алды
Олардың ішінде 225 әскери қызметші взвод сержанты курсын оқыды, 52-сі батальон сержанттары курсын, 35-і жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушылар курсын, 22-сі бригада сержанттарының курсын, 3-уі академиялық курсты аяқтады.
Курстар Ұлттық қорғаныс университетінің, сондай-ақ ҚР ҚК оқу-жаттығу орталықтарының базасында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қазіргі кезде әскери қызметшілерімізге шетел жоғары оқу орындары да қолжетімді болып келеді. Биылғы жылы 30-дан аса сержант шетелде біліктілікті және тіл даярлығын арттыру курстарында оқудан өтті.
«Ал келесі жылы қол жеткізілген келісімділік шеңберінде алғаш рет Қазақстан Әскери-әуе күштерінің сержанттарын АҚШ-қа арнайы оқу курсына жолдау, сондай-ақ АҚШ ӘӘК сержанттар құрамына арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу техникалық мектептері мен орталықтарына жиі түрде шығуды ұйымдастыру жоспарлануда», - делінген хабарламада.
Қазақстанның Қарулы Күштерінде армияның кәсіби негізі ретінде сержанттар құрамын даярлау мен қайта даярлауға қазіргі уақытта үлкен көңіл бөлінуде. Басқару жүйесінің бастапқы буыны бола отырып, сержанттар командалық құрамның анағұрлым көп санынан тұрады. Олардың кәсібилігінен көбінесе әскерлердегі тәртіп байланысты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды