• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Байбек: Алматымен ынтымақтастық Қазақстан мен Германия арасындағы екі жақты байланыстың жарқын үлгісі болып табылады

Б.Байбек: Алматымен ынтымақтастық Қазақстан мен Германия арасындағы екі жақты байланыстың жарқын үлгісі болып табылады

10 Қазан, 2015 15:06
Алматыда өткен Германия экономикасының Қазақстандағы 17-ші күні аясында екі жақты байланысты дамытудың перспективалары сөз болды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған шараға Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ҚР-дағы ГФР-ның Төтенше және Өкілетті Елшісі Херц Гидо, ҚР инвестиция мен даму вице-министрі Альберт Рау, ГФР –ы парламентінің мүшесі Кошык Хартмут, Қазақстандағы «Konrad -Adenauer -Stiftung» өкілдігінің басшысы Томас Хельм қатысты

Қала басшысы нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі дамытудағы Алматының рөлі мен маңызын айтып берді.

«Екі мемлекет басшыларының саясаттары арқасында Қазақстан мен Германия арасындағы ынтмақтастық тұрақты түрде дамып, екі жақты байланыстың барлық спекторларын қамтуда. Алматымен ынтақтастық біздің екі ел арасындағы қарым- қатынастың ең жарқын үлгісі болып табылады. Екі жақты байланыс сауда –экономикалық, гуманитарлық, ғылым және білім мәселелері бойынша жақсы көрініс тапқан. Мысалы, қалада 195 біріккен және 200 неміс капиталымен жұмыс істейтін кәсіпорындар тіркелген немесе еліміздегі барлық қазақстандық- германдық кәсіпорындардың 60% осында», -деп атап өтті әкім.

Бұдан басқа, әкім жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін тиісті жағдайлардың жасалғандығын, инвесторларды қолдауда заңдылық тұрғыда бірқатар шаралардың қабылданғандығын жеткізді.

«Қазір біз Германия инвесторлары мен кәсіпкерлерін екі жақты қарым- қатынастың жаңа резервтерін іздестіруге шақырамыз. Біздің қалада мұндай мүмкіндіктер бар. Мысалы: инновациялық технологияның арнайы экономикалық аймағы, Алматының индустриалды аймағы, басқа да өндірістік алаңдар, біз бұларда инфрақұрылымдарды жасаймыз, жұмыс істеуге алаңдар бөлеміз, осында өз өндірісін ашуға ниет білдірушілердің бәрін шақырамыз. Әрине, 2017 жылы өтетін «Универсиада» және «Экспо» сынды ірі халықаралық жобалар да бар», - деді Б.Байбек.

Сонымен қатар, әкім Алматының жаңа жағдайда дамыған заманауи қалаға айналатындығын, шикізатсыз экономиканы одан әрі дамытып, «жасыл экономиканы» енгізуге ерекше мән беретінін жеткізді. Осы бағытта қала тұрғындарына барынша қолайлы жағдайлар жасалуда, экологиялық ахуалға ерекше мән берілуде. Б.Байбек Германияның қоршаған ортаны қорғау, энергия жинақтау, қалдықтарды өңдеу істеріндегі озық тәжірибелерін атап өтті.

Алматыға жасыл экономиканы енгізу» сапалы қала инфрақұрылымы болып табылады. Бұл қоғамдық көлік, жылу-энергетика кешені, жеке секторды газдандыру, көлік логистикасының сапасын жақсарту. Ал, экологиялық проблемаларды шешу елеулі қаржы ресурстарын қажет етеді, сондықтан қала әкімдігі осы сала бойынша халықаралық қаржы институттарымен және сарапшылармен тығыз жұмыс істеуде.

Барлық жаңалықтар