• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Иордания сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Қазақстан мен Иордания сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

12 Қазан, 2015 09:31
Амман қаласында Қазақстан Елшісі Азамат Бердібай Иордан Хашимит Корольдігінің Премьер-министрі, Қорғаныс министрі Абдалла Нсурмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастық, екі елдің халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестігі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлады ҚР СІМ.

Қазақстандық дипломат Қазақстанның маңызды халықаралық бастамаларын, соның ішінде оның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үдерісінде көрсеткен қолдауы үшін Иорданияға алғысын білдіріп, сұхбаттасына ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тиісті жолдауын табыс етті.

«Иордания Үкіметінің басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қарусыздандыру және ядролық қаруды таратпау саласындағы бастамаларын жоғары бағалады. Сонымен қатар, ол екі елдің халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастығына, соның ішінде Астананың жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтудағы күш-жігерлеріне қатысты қолдауын білдірді», - делінген хабарламада.

Тараптар екі елдің қолда бар әлеуетін ескере отырып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру қажеттілігін атап өтті. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-иордандық үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысын дайындау мәселелері талқыланды.

Кездесу аяғында А. Бердібай мүдделі иордандық ұйымдар мен компанияларды ү.ж. 27-30 қазанда Астанада өтетін «Astana Invest-2015» VI Халықаралық инвестициялық форумның жұмысына қатысуға шақырды.

Барлық жаңалықтар