• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да 2018 жылы топографиялық картаны жасақтау үшін облыс орталықтары сандық аэросъемкамен қамтамасыз етіледі - ҰЭМ

ҚР-да 2018 жылы топографиялық картаны жасақтау үшін облыс орталықтары сандық аэросъемкамен қамтамасыз етіледі - ҰЭМ

10 Қазан, 2015 14:07
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төраға орынбасары Бауыржан Смағұловтың бастауымен қазақстандық делегация ТМД қатысушы-мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің ХХХVII сессиясына қатысу үшін Ереван қаласына келді, деп хабарлады ҚР ҰЭМ.

Сессия жұмысына ТМД Атқарушы комитеті, Достастық елдерініңжоғары білім беруғылыми-зерттеуинституттары менұйымдары, ұлттық картография-геодезиялық және кадастрлық қызмет мамандары және басшылары қатысады.

Армения РеспубликасыныңҮкіметі жанындағы Жылжымайтын мүлік кадастрының мемлекеттік комитеті ақпараты бойынша , отырыстаа лдыңғы сессияның шешімдерін жүзеге асыру қорытындысы жарияланатын болады, сондай-ақТМД қатысушы-мемлекеттердің Кеңістіктік деректерінің инфрақұрылымының пилоттық жобасын жүзеге асыру талқыланды.

«Күн тәртібінде, сондай-ақ Достастық елдерінің  картографиялық-геодезиялық қор материалдарын бастапқы нұсқасын цифрлы нұсқаға ауыстыру туралы ережелер жобасын әзірлеу; бірыңғай геонавигациялық кеңістікті қалыптастыру туралы ұсыныс дайындау мәселелері бар», - делінген хабарламада.

ТМД қатысушы-мемлекеттердің Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық кеңес сессиясына қатысушыларТМД елдер 3 картография-геодезиялық қызмет өкілдерін Геодезия және картография Мәскеу мемлекеттік университетінің жанындағы ғылыми-білім орталығында біліктілігін арттыру және қайта даярлап оқытуды ұйымдастыруды өзекті деп санайды.

Ереван қаласында, басқа да жаңа жобаларды қарастыру жоспарланған, атап айтқанда ТМД қатысушы мемлекеттердіңГеодезия және картография саласында өндірістік ұйымдарының инженерлік-техникалық қызметкерлері мен жоғары және арнайы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау ынтымастығы туралы; Бірыңғай навигациялық кеңістікті қалыптастыруда екі-жақты ынтымақтастық жөнінде тұжырымдама  жобасын әзірлеу бойынша жұмыс барысы туралы.

Жұмыс тобының мамандары содай-ақ ТМД елдерінің мемлекеттік шекарасының делимитация және демаркациясын жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы Ережесін ұсынады.

Геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі Мемлекетаралық кеңес 1992 жылы құрылды. Оның құрамына Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Беларусьтың, Қырғызстан, Молдава, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері кіреді. Түркменстан және Украина оның жұмысына бақылаушы ретінде қатысады.

Барлық жаңалықтар