- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» байқауының ақтық сынына 26 жоба қатысады – ҚР ДСӘДМ
«Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» байқауының ақтық сынына 26 жоба қатысады – ҚР ДСӘДМ
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарлағандай, Үміткерлердің басым бөлігі Қостанай облысы мен Астана қаласында (14 өтініштен) тіркелді, Алматыдан 11, Ақтөбе мен Қызылорда облыстарынан 10 өтініштен қабылданды.
Байқауға ҮЕҰ, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, жеке тұлғалар, қызметі әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға негізделген өзге де ведомстволар мен мекемелер қатысты.
«Қазақстандықтар сайыстың ақтық мәресіне шыққан жобалармен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) ресми веб-сайтында таныса алады. Жеңімпаздарды құрамына ҚР Праламентінің депутаттары, ҚР ДСӘДМ өкілдері, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, БАҚ өкілдері мен өткен жылғы байқау лауреаттары кіретін республикалық комиссия анықтайды», - делінген хабарламада.
Үздік әлеуметтік жобалардың тұсаукесері мен байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық байқауы алғаш рет Астана қаласында 2013 жылы өткен болатын. Оның аясында жастарды, балалар мен жасөспірімдерді; отбасыларын (отбасының сәтсіздікке ұшырауын алдын алу шаралары); дағдарыс жағдайындағы әйелдер мен ерлерді; қарт адамдарды; девиантты немесе делинквентті мінез-құлық танытуға бейім адамдарды; мигранттарды; мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша бірқатар жобалар ұсынылады.
Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы басты мақсат – жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға шынайы көмек көрсету.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері