• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Ибраев: «Мәңгілік Ел» - бұл Елбасының біртұтас болашақ ұлтына деген парасатты және шынайы көзқарасы

А.Ибраев: «Мәңгілік Ел» - бұл Елбасының біртұтас болашақ ұлтына деген парасатты және шынайы көзқарасы

10 Қазан, 2015 15:43
«Мәңгілік Ел» - бұл Елбасының біртұтас болашақ ұлтына деген парасатты және шынайы көзқарасы, деп ағынан жарылды режиссер-сценарист, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Ахат Ибраев.

«Әр адамның өзінің патриотизм формуласы бар. Менің формулам – ол әрқашан жұмыс істеу, ұдайы шығармашылық ізденісте жүру.  Өзімнің командаммен мен фэнтези жанрын дамытуға бет алдым.  Бұл әлемдік кинематографиядағы жаңа мықты тренд. Ол креатив, ол күнделікті тіршіліктен жоғары уақыт көкжиегінен және кеңістігінен қарауды білдіреді.  «Мәңгілік Ел» идеясы – ол да уақыт көкжиегінен қарауды білдіреді, ол Елбасының біртұтас болашақ ұлтына деген парасатты және шынайы көзқарасы. Менің кәсіби түсінігімде  «Мәңгілік Ел» - ол керемет платформа, фильмдер мен сюжеттер үшін сарқылмас кейс», - деді  А. Ибраев.

Жас сценаристің айтуынша, ол киноиндустриясы өте жақсы дамыған АҚШ-та киноөнерді оқып меңгерді.  «Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға берген үлкен мүмкіндігі. Мен Елбасына «Болашақ» бағдарламасы үшін алғыс айтқым келеді», - деп атап өтті ол.

«Мәңгілік Ел» идеясы үшін А. Ибраевтың командасы 10-ға жуық жобаны отандық телеарналар үшін жүзеге асырды, оның ішінде балаларға арналған сериал «Санжар мен Қайсар», Қазақстандағы алғашқы фэнтези-фильм  «Аңыз кітабы: Жұмбақ орман» және т.б. бар.

«Алға ұмтылыңыздар, армандаңыздар, біз Ұлы Дала ұрпағымыз, өз болашағымыздың құрылысшыларымыз - «Мәңгілік Ел», - деп мәлімдеді А. Ибраев.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар