- Басты
- «Астана ЭКСПО-2017» логотипі «Эйр Астананың» барлық ұшақтарында болады
«Астана ЭКСПО-2017» логотипі «Эйр Астананың» барлық ұшақтарында болады

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК»АҚ және «Эйр Астана» АҚ арасында қол қойылған ынтымақтастық меморандумының аясында жүзеге асырылып отыр. Алдағы уақытта ЭКСПО логотипі компания әуепаркіндегі 30 ұшаққа қойылатын болады. «Эйр Астана» «ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми тасымалдаушысы» эксклюзивті мәртебеге ие және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ресми серіктесі болып табылады. Бұл меморандумға ағымдағы жылдың 17 тамызында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен «Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті Питер Фостер қол қойды.
Келесі жылдың басынан серіктестер халықаралық деңгейде көрменің ілгерілетуге қатысты арнайы кампанияны жүзеге асыруды бастайды деп күтіліп отыр. «Эйр Астана» әуекомпаниясының қазіргі таңда серіктестік жүйесі, оған қоса 40 000 агенттері бар. Сондай-ақ, әуе компаниясының транзиттік жолаушылары көрме өткізілетін күндері көрмені тегін тамашалай алатын болады.
Астанадағы көрме «жасыл» энергетика аясында өтеді, сондықтан энерготұтыну, эгерготиімді технологияларды пайдалану мәселелері іс-шараның басты тақырыбына айналмақ. «Эйр Астана» Президенті Питер Форстердің айтуынша, атмосфераға атмосфераға залалды заттардың шығарылуы әуекомпаниясының басымдылықтарына жататындығын жеткізді. Соңғы әуешоуда Ле Бурже қозғалтқышы зиянды шығынды 15 пайызға қысқартатын NEO отбасына жататын Airbus A320 сатып алу ниетімен бөлескен еді.
«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының Қоғаммен байланыс департаменті директор Сергей Куянов бүгінгі шараның ЭКСПО жобасының дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, ұлттық тасымалдаушымен серіктестік қарым-қатынастың практикалық бастамасы екендігін ескере кетті.
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
ҚР сайлау: Барлық сайлау учаскесінің жұмысы басталды
-
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады
-
Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады
-
Заң жобалаpын қоғамдық талқылау тәсiлдеpi кеңейтiлетiн болады
-
Мұнай және газ жер қойнауларын аукционда қалай сатып алуға болады
-
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай
-
ТДМ: «3.2.1. Старт!» жастар жобасына қалай қатысуға болады, талаптары қандай
-
Зейнетақы қорындағы ақшаны қалай алуға болады
-
Astana Hub: Инвесторларға арналған курсқа қалай қатысуға болады
-
Назарбаев: Праймериздерді әділ, ашық және барлық қатысушы үшін тең жағдайда ұйымдастыру керек
-
Коронавирус пен тұмауды қалай ажыратуға болады
-
Astana Hub-тың қатысушы мәртебесін қалай алуға болады /қандай жеңілдіктері бар
-
Коронавируспен күрес: Дәрі-дәрмекті қалай тегін алуға болады/ Провизорлық орталықтардың дайындығы қалай

