- Басты
- «Нұрлы жол» ОА аймағына украиналық өнімді жеткізетін тірек алаңына айналуы мүмкін – ҚР Президенті
«Нұрлы жол» ОА аймағына украиналық өнімді жеткізетін тірек алаңына айналуы мүмкін – ҚР Президенті

«Украиналық іскерлік ортасына бірқатар инвестициялық бағыттар бойынша белсенді қатысуға шақырды. Біріншіден - Қазақстанда индустриялық-инновациялық дамудың алғашқы бес жылында 770 жаңа кәсіпорын мен 75 мың жаңа жұмыс орны пайда болды. 2015 жылы металлургия, химия, мұнай-химия, машина жасау, құрылыс материалдары, шикізат өнеркәсібі атты өңдеуші өнеркәсіптің алты басымды саласына бағытталған жаңа кезең басталды. Мұның барлығы Украинада бұрыннан бар, қазақстандық тарап дәл осы салаларда тәжірибе және инновациямен алмасуға қызығушылық танытып отыр», - деді Н.Назарбаев.
Елбасының айтуныша, екіншіден - Астана «ЭКСПО–2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу мәртебесіне ие болды.
«Астана «ЭКСПО–2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу мәртебесіне ие болды Әрине, қатысушылар арасында Украина өкілдерін көргіміз келеді», – деді ҚР Президенті.
Ұлт көшбасшысы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруды үшінші бағыт деп атады.
«Алдағы үш жылда бұл жобаға 13 млрд АҚШ доллары салынады. Дүниежүзілік банк, Еуропа даму банкі, Азия банкі, Ислам банкі секілді барлық әлемдік қаржы институттары қатысады. Бұл қаражат инвестиялар арқылы игеріледі және біз мұны Астанадан оңтүстік, шығыс, солтүстікке қарай шығатын басты көлік магистральдерін құру үшін қолданамыз. Логикалық инфрақұрылым, әуежайлар, бағдарлама тұрғын үй құрылысын, ТКШ, аурухана, мектептерді қалпына келтіруді қарастырады. Келешекте Қазақстан өзін Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азияны кең көпірмен біріктіретін орталықазиялық өңірдің ірі іскерлік транзиттік логистикалық хабы ретінде танытпақ», - деп түйді Н.Назарбаев.
Анар Тәңірқұлова
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
-
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады

