- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы: Қазақстан мен Украина арасындағы экономикалық байланысты нығайту екі елге де тиімді
Мемлекет басшысы: Қазақстан мен Украина арасындағы экономикалық байланысты нығайту екі елге де тиімді
«Бүгін бұл алаңда Қазақстан мен Украинаның іскерлік ортасы, өз саласының көшбасшылары жиналды. Біздің елдерді жеткілікті білетін шығарсыздар. Біздің халық тарих кезеңдері арқылы, бірлескен жұмыстар мен жобаларды атқару бойынша тығыз байланысқан. Қазақстандықтар украиндықтармен бірге екінші дүниежүзілік соғысқа, Ұлы отан соғысында Украинаны қорғауға қатысты. Украина жерінде қазақстандықтардың біршамасы жан тапсырды», - деді Н.Назарбаев.
Елбасының айтуынша, бүгін тәуелсіздік жағдайында экономикалық қарым-қатынасты нығайту қажет.
«Қазақстанда украиндық капиталдың қатысуымен 400 кәсіпорын жұмыс істейді. Біз сіздердің болашақта бірлесіп жұмыс істеп, инвестиция тартуға бағытталған ниетіңізді жақсы бағалаймыз. Бүгінгі шарада бірқатар меморандумға қол қойылды, көптеген келешегі зор жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, біздің ынтымақтастығымыз бүгінгі таңда әлі толық жүзеге аспады. Біздің елдер арасындағы тауар айналымы соңғы кезде екі есеге қысқарды. Бұл жерде объективті себептер көп. Бүгін Петр Алексеевичпен жеке келіссөз барысында бұл жағдайды орнына келтіретін өзге қырларды қарастырдық. Сондықтан бүгінгі кездесу кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайта түседі», - деді Елбасы.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды