• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық жетекші журналистер мультимедиялық жобаларды дамыту тәжірибесімен бөлісті (ФОТО)

Қазақстандық жетекші журналистер мультимедиялық жобаларды дамыту тәжірибесімен бөлісті (ФОТО)

9 Қазан, 2015 17:24
Астанада баспа БАҚ өкілдерінің сауаттылығын арттыру және онлайн-форматқа көшуде медиа құралдарды қолдану аясында жаңа мүмкіндіктерді көрсетуге арналған жыл сайынғы конференция өтті.

«Баспа БАҚ-тардың онлайн редакциялары: өзекті мәселелер мен даму перспективалары» конференциясы «Баспа БАҚ-ты Интернетке шығару» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Мұндай қолдау көрсету форматы Мемлекет басшысы «Ақпараттық Қазақстан - 2020» бағдарламасында қойған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған.

«Қазконтент» АҚ интернет жобалар бойынша атқарушы директоры Жандос Шолақовтың пайымынша, конференцияның мұндай форматы баспа және онлайн БАҚ пен ақпараттық агенттіктердің  өкілдері үшін табысты пікір алмасу алаңына айналуға мүмкіндік береді.

«Бұл шара баспа БАҚ-тың онлайн редакция, интернет – редакция жоспарында дамуына септігін тигізеді деген ойдамын. Дәстүрлі БАҚ бағытын өзгертіп, жаңа мультимедиялық БАҚ пайда болып жатқан жағдайда,  жоба қатысушылары, БАҚ өкілдері журналистика саласында мультимедия құралдарын дұрыс пайдалануы үшін мұндай шараларды өткізу өте маңызды», - деп атап өтті ол.

Конференцияның жыл өткен сайын  масс-медиа өкілдері арасында танымалдылығы артуда. Бұл жолы ғылыми ортаның қызметкерлері де оның қатысушылары қатарынан табылды.   Жалпы, шара мультимедиялық журналистика саласындағы мамандардың  және еліміздің аймақтық БАҚ редоктарларынан үйренуге және тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндіктер береді.

Шара модераторы Қанат Әуесбайдың айтуынша,  кооперацияның мұндай форматы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің өздерінің жетістіктерін жариялауға, жинақтаған тәжірибесімен бөлісуге жағдай жасайды.

«Бұл «Қазконтент» өткізіп отырған диалог алаңы.  Мұнда елордадан ғана емес, сонымен қатар аймақтардан келген әріптестер жиналады. Бұл несімен жақсы? Біз бір-бірімізді өзара толықтырамыз», - деді Қ.Әуесбай.

Бағдарлама конференциясына тәжірибелік шеберлік сыныптары енгізілді, сонымен қатар жоба жасақтаушыларынан техникалық кеңестер берілді.  

Тәжірибелік тренингтерді бірқатар мультимедиялық қауымдастықтардың танымал өкілдері:  Today.kz жаңалық сайтының бас редакторы  Дана Саудегерова мен  «Мiнбер» журналистерге қолдау көрсету орталығының басшысы  Асхат Еркімбай өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдан бастап, бұл формат еліміздің аймақтық БАҚ-тары редакторлары үшін тәжірибе алмасуда маңызды жобаға айналды.

 

Барлық жаңалықтар