• Басты
  • Жаңалықтар
  • П. Порошенко: Қазақстанның ДСҰ-ға енуі мемлекеттеріміз арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа парағын ашады

П. Порошенко: Қазақстанның ДСҰ-ға енуі мемлекеттеріміз арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа парағын ашады

9 Қазан, 2015 15:34
Қазақстанның ДСҰ-ға енуі мемлекеттеріміздің арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа парағын ашады, деп хабарлады Украина Президенті Петр Порошенко Қазақстанға ресми сапары барысында.

«Жағдайды пайдалана отырып Қазақстан Президентін ДСҰ-ға енуімен құттықтағым келеді. 2016 жылдың 1 қаңтрынан бастап біздің ЕО-мен келісіміміз Қазақстанға жаңа мүмкіндіктердің бетін ашады деген сенімдемін», - деп мәлімдеді Украина Президенті.

Сонымен қатар, П. Порошенко Н. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының сесстиясында сөйлеген сөзіне тоқталды.

«Мен Қазақстан Президентінің мемлекеттермен қарым-қатынастың халықаралық құқық нормасының қажеттілігі туралы пікірін қолдаймын», - деп толықтырды украиналық Президент.

Айта кетерлік жайт, келіссөздер барысында терроризммен, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес  халықаралық ұйымдардың бір жерге шоғырлануына деген қажеттілік тілге тиек етілді.

«Мен ҚР Президентімен екіжақты ынтымақтастықты , әсіресе инвестициялық қызметте одан ары кеңейтуге дайын екенімізді растадым», - деп толықтырды П. Порошенко.

Естеріңізге сала кетейік, Астанаға елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен Украина Президенті Петр Порошенко келді. Кездесу барысында сауда-экономика, көмір өнеркәсібі, көлік-логистика және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелер жөнінде, соның ішінде Украинаның оңтүстік шығысындағы ахуал мен Минск уағдаластықтарының жүзеге асырылу барысы туралы пікір алмасты.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар