Астанада Тарас Шевченкоға ескерткіш ашылады

9 Қазан, 2015 14:59
Астана Тарас Шевченкоға ескерткіш орнатуға дайын, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенконың ҚР-ға ресми сапары аясында.

«Бүгін Қазақстанда 300 мың адамнан тұратын украин диаспорасы өмір сүреді. Олар біздің мәдени өмірімізге белсенді араласады. Біз Астанада Шевченконың құрметіне ескерткіш орнатуға дайынбыз және біз мәдени саладағы жұмысымызды жалғастыратын боламыз», - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы Киевты Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнату жоспарланып отырғанын атап өтті. 

«Шевченконың ескерткіші бізде, ал Абай Құнанбаевтың ескертіші Киевте болады деген үміттеміз. Бұл да біздің мемлекеттеріміздің байланыстыратын түйін», - деп баса айтты Елбасы.
«Жалпы айтқым келетіні сапардың қорытындысына менің көңілім толып отыр. Бұл сапар елдеріміз арасындағы интеграцияның дамуына серпін береді деген ойдамын», - деп түйді Н.Назарбаев.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар