• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Украина іскерлік байланыстарды нығайту үшін бар күшін салуда - ҚР Президенті

Қазақстан мен Украина іскерлік байланыстарды нығайту үшін бар күшін салуда - ҚР Президенті

9 Қазан, 2015 14:43
Қазақстан мен Украина іскерлік байланыстарды нығайту үшін барлығын жасауда, деп хабарлады ҚР Президенті Н.Назарбаев мемлекеттік сапармен келген Украина Президенті Петр Порошенкомен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында.

«Бүгін келіссөздер барасында біз екіжақты іскерлік байланыстың жағдайын жан-жақты тақыладық, бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір алмастық,  жүзеге асырылуы мүмкін ынтымақтастық жобалары мен басым бағыттарды талқыладық», - деді Елбасы.

Н. Назарбаевтың айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттер арасында бірқатар инвестициялық жобалар қарастырылуда. «Мен украиналық тарап іскерлік байланысты одан ары нағайтуға барын салатынынна сенімдімін.  Бүгінде Қазақстанда 415, Украинада 124 қазақстандық-украиналық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеуде. Бұл бизнестің өзара қызығушылығын көрсетіп отыр. Және оған қолдау көрсету керек», - деп толықтырды ҚР Президенті. 

Бұдан басқа,  Н. Назарбаев  бүгінде Украинаның қарым-қатынасты нығайту жағдайында екенін баса айтты. «Мемлекеттеріміздің арасында техникалық, әскери қарым-қатынасты нығайту үшін барлығын жасаудамыз», - деді Қазақстан Президенті.

Естеріңізге сала кетейік, Астанаға елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен Украина Президенті Петр Порошенко келді. 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар