- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрі шақыру барысын бақылауға алып, жылу беру маусымының дайындығын тексерді
ҚР Қорғаныс министрі шақыру барысын бақылауға алып, жылу беру маусымының дайындығын тексерді
Қорғаныс ведомствосының басшысы бүгінгі күнгі екі өзекті мәселені атап өтті. Ол: күзгі шақыру кампаниясы және Қарулы Күштерде жылу маусымын жүргізу. «Барлық деңгейлерде жауынгерлік даярлықтың қарқындылығы мен сапасын арттыру барлық санаттағы әскери қызметшілердің жасақталу сапасына, олардың кәсіби дайындығы мен тәртіптілігіне тікелей байланысты. Қарулы Күштерді жасақтау бағыттарының бірі мерзімді әскери қызметке шақыру болып табылады.
Оны ұйымдастыру мен өткізуге барынша жауапкершілікпен қарау қажет, себебі, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жеке құрамын жасақтау жоғары жауынгерлік әзірлікті ұстап тұруда басымдық міндеті және қоғамымыз бен мемлекетіміздің қауіпсіздігінің кепілі болып табылады», - деп ерекше атап өтті ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов. ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің мәліметтеріне сәйкес «Күз-2015» шақыру кампаниясы барысында мерзімді әскери қызметке 12 000 мыңнан аса адамды шақыру жоспарлануда. Оның ішінде, 4000-ға жуық ҚР Қарулы Күштеріне, 2000-ға жуығын ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, 6 500-ден астамын ҚР ІІМ Ұлттық ұланына және 300-ге тарта Мемлекеттік күзет қызметіне жолданады. Ағымдағы жылғы 9 қазандағы жағдай бойынша 4000-ға жуық шақырылушы облыстық медициналық комиссиядан өтті.
Олардың барлығы шектеусіз әскери қызметке жарамды. Жылу беру маусымын бастауды жүргізу жөніндегі баяндауға көше отырып, ҚР Қорғаныс министрі аталған мәселе жіті бақылауда тұрғанын айта кетті. Бүгінгі таңда Қарулы Күштердің коммуналдық нысандары, инженерлік желілері және қазармалық-тұрғын үй қоры 2015-2016 жылдардағы жылу беру кезеңіне 100%-ға дайын. Резервтік электр қуат көздері тексерілді. Жылу беру маусымы қыркүйектің 29-ы мен қазанның 6-ы аралығында еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында басталды. Оңтүстік және батыс өңірлерінде жылу беру маусымы 15 қазаннан бастап жүзеге асырылады. Селекторлық кеңестің қорытындысын жасай отырып, ҚР Қорғаныс министрлігінің басшысы аталған бағыттар бойынша жұмысты жақсарту үшін бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде