Қазақстан мен Украина бірқатар бірлескен мәлімдеме қабылдады

9 Қазан, 2015 14:13
Қазақстанға Украина Президенті Петр Порошенконың жұмыс сапары аясында екі ел арасында бірқатар бірлескен мәлімдемелер жүзеге асты.

Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Украина Президенті Петр Порошенко Қазақстан Республикасы Президентінің және Украина Президентінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойды.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен Украина вице-премьер министрі  Аймақтық даму, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашығы министрі Геннадий Зубко 2015-2017  жылдарға арналған Қазақстан-Украина іс-қимылдар жоспары бесінші жол картасын рәсімдеді.  

Айта кетейік, бүгін Астанаға алғашқы жұмыс сапарымен Украина Президенті Петр Поршенко келді. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық қарым-қатынас пен екіжақты ынтымақтастықты талқылады.

Кездесу барысында көмір өнеркәсібі, көліктік-логистикалық сала, агроөндірістік кешен және өзге салалардағы  басым бағыттары қарастырылды, сондай-ақ, екі елдің Мемлекет басшылары халықаралық күн тәртібінің  негізгі аспектілерін талқылап, минис келіссөздерінің жүзеге асуын  алға тартты. 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар