• Басты
  • Жаңалықтар
  • Римде «Қазақстан Республикасының заңнамалары мен институттары» конференциясы өтті

Римде «Қазақстан Республикасының заңнамалары мен институттары» конференциясы өтті

9 Қазан, 2015 18:57
Италия Республикасының Парламентінде Қазақстанның Италиядағы Елшілігі ISAG Геосаясат және сабақтас пәндердің жоғарғы мектебі институтымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан халқы ассамблеясына арналған «Қазақстан Республикасының заңнамалары мен институттары» тақырыбындағы конференция ұйымдастырды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің орынбасары.

Іс-шараға Италия Парламентінің депутаттары, институционалды органның өкілдері, белгілі ғалым-құқықтанушылар, саясаткерлер мен сарапшылар, сондай-ақ итальяндық БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция жұмысына қазақстандық тараптан Елшілік өкілдерінен басқа ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚХА депутаттық тобының жетекшісі Жұматай Әлиев қатысты. Ол итальяндық жұртшылықтың алдында «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі» тақырыбына баяндама жасады.

Конференция барысында қатысушылардың назарына сондай-ақ ISAG Геосаясат және сабақтас пәндердің жоғарғы мектебі институтының ғылыми қызметкері Алессандро Лундинидің «Қазақстан Конституциясы мен Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл» атты баяндамасы ұсынылды.

Итальяндық тараптан іс-шараға сондай-ақ Италия Республикасы Парламентінің депутаттары Эдмондо Чириелли мен Адольфо Урсо, бұрынғы Кеңес өкіметі елдерінің заңнамасы мәселелері жөніндегі сарапшы Катерина Филиппини (Милан қаласының университеті), Италияда кеңінен танымал, Ка Фоскари университетінің (Венеция) тарих, мәдениет және геосаясат жөніндегі профессоры, Милан Халықаралық саясат бойынша зерттеулер институтындағы Кавказ және Орталық Азия бойынша бағдарламаның жетекшісі Альдо Феррари, ISAG Геосаясат және сабақтас пәндердің жоғарғы мектебінің сарапшы Даниэле Скалеа спикер ретінде сөз сөйледі.

 Итальяндық тарап өкілдері өз сөздерінде конституциялық құрылыстың қазақстандық тәжірибесіне жоғары баға беріп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның конституциялық дамуындағы ерекше рөлін атап өтті. Бұдан басқа, Қазақстанның қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтаудағы, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі жетістіктері, сонымен қатар демократияландыру және ырықтандыру үдерісінің тұрақтылығы мен бірізділігі баса айтылды.

Конференцияға қатысушыларға арнап ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастар, рухани мәдениет және Қазақстан халқының дәстүрлері саласындағы танымал қазақстандық авторлардың Қазақстан халқы ассамблеясынан алынған ғылыми еңбектері мен зерттеулерінен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушыларға ҚХА туралы деректі фильм көрсетілді.

 

 

Барлық жаңалықтар