• Басты
  • Жаңалықтар
  • Украина Президенті: Бүгінгі келіссөздердің қорытындысы Қазақстан мен Украина ынтымақтастығын белсенді ете түседі

Украина Президенті: Бүгінгі келіссөздердің қорытындысы Қазақстан мен Украина ынтымақтастығын белсенді ете түседі

9 Қазан, 2015 13:25
Қазақстан мен Украина арасындағы саяси сұхбаттастықты сенім, дәстүрлі өзара құрмет негізінде дамытуға ниетті екендігіне ризашылығымды білдіремін, деді Ақордада мемлекеттік сапармен келген Украина Президенті Петр Порошенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында.

 «Мен бәрінен бұрын Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында елдеріңізге шақырғандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Кеше ғана біз мерекелеу салтанатынан оралған болатынбыз, бұл тарих беттерінде сақталатын маңызды шаралардың бірі деп есептеймін», - деді П.Порошенко.

Ол атап өткендей,  «бүгінгі келіссөздеріміздің, сонымен бірге Сіздің Киевке сапарыңыз барысындағы келіссөздердің нәтижелері елдеріміз арасындағы серіктестікті, сауда-экономикалық, гуманитарлық, әлеуметтік, ең бастысы саяси ынтымақтастықтың жандануына септігін тигізеріне сенімім мол».

Украина Президентінің атап өтуінше, украиндықтар үшін Қазақстанның халықаралық құқықтық іргелі ұстанымдарға беріктігі, егемендікті, халықаралық танылған шекара аясында аумақ тұрақтылығына құрметпен қарауы зор маңызға ие.

Айта кетейік, бүгін Астанаға алғашқы жұмыс сапарымен Кураина Президенті Петр Поршенко келді. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық қарым-қатынас пен екіжақты ынтымақтастықты талқылады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар