• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан, Түркменстан және Иран темір жолдары жаңа халықаралық темір жол желілерінің тариф шарттарын құру туралы келісті

Қазақстан, Түркменстан және Иран темір жолдары жаңа халықаралық темір жол желілерінің тариф шарттарын құру туралы келісті

9 Қазан, 2015 16:19
Тегеран қаласында (Иран) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Түркменстан теміржол көлігі Министрлігі мен Иран Ислам Республикасы темір жолдарының басшылары арасында үшжақты кездесу өтті, деп хабарлады ҚТЖ.

Кездесу барысында  Қытайдан Иранға Қазақстан, Түркменстан, Иран аумағы арқылы жеткізілетін контейнерлік пойыздардың бірыңғай мөлшерлемелері  2015 жылдың 15 қазанынан бастап жүзеге асатындығы белгіленді.  Аталған келісімнің жүзеге асуы теңіз көлігінің жүк айналымын арттырып, трансқұрлықтық дәліздің өрісін кеңейтеді.

Сондай-ақ, Қазақстаннан Иранға, Ираннан Бендер-Аббас портына транзит арқылы жеткізілетін астық, қара металл, ферроқорытпа мен алюминий тасымалының жеңілдікті тарифтік шарттары келісілді.

Ұсынылып отырған жеңілдікті  тарифтік шарттар қазақстандық  экспорттың Индия мен Парсы шығанағының жаңа нарықтарына шығуға мүмкіндік береді.

Үш жақ өздерінің аумақтарында вагондар мен контейнерлердің жүк тасымалы көлемінің ұлғаюына сай 2016 жылы бірегей кешенді мөлшерлемелерді орнатуға ұмтылатындықтарын айтты.   

Осыған орай Қазақстан, Түркменстан және Иран темір жолдары басшылары арасындағы үш жақты кездесу 2015 жылы желтоқсан айының екінші жартысында Ашхабад (Түркменстан) қаласында өтеді.

 

Барлық жаңалықтар