- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстан мен Украинаның достығы мен өзара түсіністігі тарихының тамыры тереңде жатыр
Н.Назарбаев: Қазақстан мен Украинаның достығы мен өзара түсіністігі тарихының тамыры тереңде жатыр
«Мен Украина Президентінің сапарына өте қуаныштымын, ол бізге Қазақстанға шақыртуымызбен алғаш рет келіп отыр. Біздің елдеріміздің достығы мен өзара түсіністігінің тарихи тамыры тереңде. Біз әрқашан қатынасымызды сындарлы ынтымақтастық принципі бойынша құра білдік», - деді Елбасы.
Н. Назарбаев атап өткендей, Қазақстанда ұлты украин шамамен 300 қазақстандық өмір сүреді.
«Егер тың игеру жылдарын еске алатын болсақ, онда олардың саны милионға жуық шамада болды. Кейін бірқатары Украинаға қайтып оралса, кейбіреулері қалып қойды, бүгінде олар біздің халқымыздың ажырамыс бөлігі», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы түсіндіріп кеткендей, Қазақстан мен Украина барлық мәселелерді өзара түсіністік аясында шешеді. «Киевке жасаған сапарым есімде. Ол жақта әр уақытта да қонақжайлылықты сезінемін. Сондықтан да біздер Петр Алексеевичпен жеке кездесуіміз барысында саяси және экономикалық ынтымақтастығымыздың барлық мәселелерін талқыладық. Көптеген мәселелерде біздер өзара түсіністікке келдік. Мемлекетаралық комиссия отырысы өтті, алдағы уақытта да өте береді, онда бүгінгі күні көтерілген барлық мәселелер жан жақты талқыланатын болады», - деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар, Н.Назарбаев бүгінгі бизнес форум Қазақстан мен Уркаинаның іскерлік орталарының арасындағы ынтымақтастыққа, қарым-қатынасты ілгерілетуге өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
«Тағы да қош келдіңіздер деймін және осы сапарыңыз үшін алғыс айтамын, ол өзара қарым-қатынасымызды одан ары нығайтуға сетігін тигізетініне сенімдімін. Көптеген қиындықтарға қарамастан бүгінде біз өзара түсіністікке қол жеткізіп отырмыз», - деп түйді Н. Назарбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Астанаға елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен Украина Президенті Петр Порошенко келді.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция