- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев пен П.Порошенко Қазақстан мен Украина ынтымақтастығын нығайтудың жолдарын талқылады
Н.Назарбаев пен П.Порошенко Қазақстан мен Украина ынтымақтастығын нығайтудың жолдарын талқылады
Кездесу барысында сауда-экономика, көмір өнеркәсібі, көлік-логистика және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелер жөнінде, соның ішінде Украинаның оңтүстік шығысындағы ахуал мен Минск уағдаластықтарының жүзеге асырылу барысы туралы пікір алмасты.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев П.Порошенконың елімізге алғашқы ресми сапарына ықылас білдіре отырып, бұл сапар экономикалық ынтымақтастықты жақсартуға, өңірлік және халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымдарды екшеуге ықпал ететінін айтты.
Украина Президенті өз кезегінде Қазақстанға сапарлап келуге шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, екі елдің арасында көптеген саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және әлеуметтік байланыстар орныққанын атап өтті.
Украина көшбасысы түрлі бағыттар бойынша жан-жақты ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі екенін де айтты.
П.Порошенко Қазақстан Президентінің Украинадағы бейбітшілікті сақтау үшін жұмсап отырған күш-жігерін жоғары бағалады.
Украина Президенті сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, мемлекеттіліктің нышаны болып саналатын, еліміздің тарихи тамырының тереңдігін көрсететін мерейтойдың маңыздылығын атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары