• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік хатшы: Елдің мұрағат қорында Қазақстан тарихы бойынша раритеттік көздер бар

Мемлекеттік хатшы: Елдің мұрағат қорында Қазақстан тарихы бойынша раритеттік көздер бар

9 Қазан, 2015 11:58
Тәуелсіздік жылдары халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақстан тарихының раритеттік құжатнамасы бойынша елдің мұрағат қорын сақтау бойынша тұрақты жұмыс атқарылды, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова «Қазақ хандығына 550 жыл» құжаттық көрмесі барысында.

«Қазақстан бүгінде халықаралық мұрағат кеңесінің толыққанды мүшесі болып саналады. Тәуелсіздік жылдары халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақстан тарихының раритеттік құжатнамасы бойынша елдің мұрағат қорын сақтау бойынша тұрақты жұмыс атқарылды. Бұл көздер Ресей, Қытай, АҚШ, Германия, Мысырдың мұрағат және ғылыми мекемелерінде табылды», - деді Г.Әбдіхалықова.

ҚР Мемлекеттік хатшысы мұрағат ісінің жүйелік мәселелерінің бірқатар сұрағын бірлесе талқылау қажеттігін атап өтті.

«Ұлт жоспарының «Біртұтастық және даму» төртінші бағыты аясында қазақстандық тарих ғылымының көздерін ашу мен  жүйелік жұмысты жалғастыру қажет. Бұл мақсатта тұрақты түрде  орталық, шығыс және алыс шетелдің  ірі университттер мен үздік мұрағаттармен өзара байланыс орнату қажет», - деді Г.Әбдіхалықова.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар