- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова «Қазақ хандығына 550 жыл» деректі көрмесіне қатысты
ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова «Қазақ хандығына 550 жыл» деректі көрмесіне қатысты
Айта кетерлік жайт, тарихи құжаттар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Венгрия, Мысыр, Иран, Қытай, Польша, Греция, Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, , Франция, Испания елдерінің мұрағаттарында және ғылыми мекемелерінде, сонымен қатар еліміздің беделді қоғам қайраткерлерінің жеке қорларынан табылған.
«Бұл кездесу мұрағаттық істің маңызды мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді. Өздеріңіз білетіндей, Елбасы ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы халықтың берік тарихи іргетасына негізделген. Мұрағаттық құжаттарды зерттеу, сақтап қалу, олардың танымалдылығын арттыру сынды жұмыстарды тереңірек жүргізу өте маңызды. Себебі мұрағаттық құжаттар ел тарихынан сыр шертеді және қоғам өмірінің хроникасы, ол адамдардың тағдырының деректі куәлігі», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова.
Археография мен деректану ұлттық орталығы кітаптар көрмесін ұйымдастырды, аталмыш басылымдар «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру аясында анықталған деректер негізінде жазылған.
Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы тарихымыз бен мәдениетімізден сыр шертетін құжаттарды сақтау бойынша материалдық-техникалық базаның бүгінгі жағдайымен танысты.
Айта өтейік, «Қазақ хандығына 550 жыл» деректі көрмесін тамашалауға беделді мемлекеттік қайраткерлер, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, тарихшылар және мұрағатшылар келді.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты