• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада «Қазконтент» АҚ баспа БАҚ өкілдеріне арналған жыл сайынғы конференция өткізуде

Астанада «Қазконтент» АҚ баспа БАҚ өкілдеріне арналған жыл сайынғы конференция өткізуде

9 Қазан, 2015 11:24
Астанада «Баспа БАҚ-тардың онлайн редакциялары: өзекті мәселелер мен даму перспективалары» тақырыбымен БАҚ өкілдеріне арналған конференция өтуде.

Аталмыш шараны ҚР Инвестиция және даму министрлігі Байланыс, ақпарат және ақпарттандыру комитеті мен «Қазконтент» АҚ ұйымдастырып отыр.  

Конференция өткізудің мақсаты - баспа БАҚ өкілдерінің сауаттылығын арттыру және онлайн-форматқа көшуде медиа құралдарды қолдану аясында жаңа мүмкіндіктерді көрсету.

2013 жылдан бастап, бұл формат еліміздің аймақтық БАҚ-тары редакторлары үшін тәжірибе алмасуда маңызды жобаға айналды. Дәстүр бойынша спикерлер ретінде мультимедиялық журналистика саласындағы танымал эксперттер: блогерлер, БАҚ, қоғамдық және МБМ өкілдері шақырылады.

Конференция барысында, Баспа БАҚ-тың конвергентті форматқа көшіру туралы өзекті мәселелер талқыланады. Сондай-ақ, қатысушылар медиатренерлердің практикалық мастер-кластарына қатысып, жобаның сайт жасаушы мамандарынан техникалық кеңестер алады.

Барлық жаңалықтар