• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастықтың үш басым бағытын атады

Б.Сағынтаев Қазақстан мен Украина арасындағы ынтымақтастықтың үш басым бағытын атады

9 Қазан, 2015 11:26
Тау-кен металлургия саласы, агроөндірістік кешен мен транзиттік әлеует Қазақстан мен Украина ынтымақтастығының басым бағыттары екенін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астанадағы Қазақстан-Украина бизнес форумында айтты.

«Бірінші – тау-кен металлургия саласы. Осы жылы геологиялық барлау саласында маңызды реформалар жасауға көштік. Австралиялық пішін  бойынша геобарлау үшін әкімшілік учаскелердің онлайн базасы салынуда. Осы жүйе арқасында кез келген инвестор  өтініш беріп, үш сағат ішінде геобарлау үшін рұқсат қағазын ала алады», - деді Б.Сағынтаев.

Екінші бағыт болып транзиттік әлеует есептеледі. 2016 жылы Қазақстан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай»  жобасының құрылысын аяқтайды. Ол Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалын 45 күннен 10 күнге қысқартады.

«Сондай-ақ, алдағы уақытта Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында жаңа терминалдар пайда болады. Аталмыш әуежайлар Орталық Азияның жолаушылар және әуетасымалының қуатты хабына айналуы мүмкін. Қазақстан сондай-ақ, көршілес елдердегі теңіз инфрақұрылымын да қарастырып жатыр. Себебі еліміз Ляньюньган порты арқылы Қытай мен Батуми шығыс жағалауы мен қара теңіздің Грузияға тиесілі жағалауына шыға алады», - деді ол.

Ынтымақтастықтың үшінші бағыты агроөндірістік кешен болып есептеледі.

«Қазақстан аталмыш салада үлкен әлеуетке ие мемлекет. Біз нарық континентінің ортасында орналастық: ірі нарықтар бізді қоршап отыр, мәселен, Қытай, Пәкістан, Үндістан. Бұл елдерде ең тез көбейетін халық саны болып есептеледі. Қазақстан азық-түлік сұранысына деген қажеттілік өсіп тұратын елге жатады. Сондай-ақ, біз ауыл  шаруашылығы жерлерінің жалға берілу уақытын  ұзарттық. Шетелдік инвесторларға ол 25 жылға дейін ұзартылды», - деді ол.

Б.Сағынтаев атап өткендей, ынтымақтастық келесі салалары мұнай қызметі, машина жасау, металлургия, құрылыс материалдарын өндіру.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар