- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Украина арасында тауар айналымын арттыру бойынша 2015-2016 жылға арналған жоспар әзірленді
Қазақстан мен Украина арасында тауар айналымын арттыру бойынша 2015-2016 жылға арналған жоспар әзірленді
«Қазақстан мен Украинаның қарым-қатынасы бауырлас тұрғыда дамыған. Бұл Қазақстандағы украиндық диаспораның санымен белгіленеді, қазір олардың саны 300 мың адамнан артық. Бүгінгі форум Қазақстан үшін ерекше болып саналады, себебі біз Украинаның іскерлік ортасын жоғары бағалаймыз. Бизнес форумға ел Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенконың қатысуы Қазақстан мен Украина раасында тығыз экономикалық байланыс орнату қажеттігін айқындайды», - деді Б.Сағынтаев.
Бірінші вице-премтер атап өткендей, тауар айналымы мен инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне қарамастан, қазақ-украин қарым-қатынасының әлеуеті өте жоғары. Екі елдің министрліктері тауар айналымын ұлғайту бойынша 2015-2016 жылдарға арналған жоспар дайындады.
«Біз саяси және экономикалық жағдайларға қарамастан ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ниетімізді жоғары бағалаймыз. Өзара сауда динамикасын арттыру үшін 2015-2016 жылдарға арналған тауар айналымын жоғарылату жоспары әзірленді», - деді ол.
Айта кетейік, аталмыш жоспар көрме, жәрмеңке, сауда делегацияларының ауысымына қолдау көрсету, бизнес-серіктестерді іздеуді және Қазақстан мен Украина арасында іскерлік кеңес өткізу мәселелерін қарастырады.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды