- Басты
- Жаңалықтар
- БҒМ: Қазақстанда балалардың 99,8 пайызы тегін білім алумен қамтылған
БҒМ: Қазақстанда балалардың 99,8 пайызы тегін білім алумен қамтылған
«Женева қаласында 16-17 қыркүйекте БҰҰ Бала құқықтарын қорғау жөніндегі БҰҰ комитетінің кезекті басқосуында Қазақстаннан басқа тағы 10 мемлекет өкілдері қатысты. Біз ондағы баяндама бойынша 2011 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықтағы өзгерістерді қорғадық. Айта кетерлігі, Қазақстанның Мемлекет басшысының ең бірінші қол қойған құжаттарының бірі 1994 жылы ратификацияланған Балалар құқы туралы конвенция болатын. Содан бері біздің барлық стратегиялық құжаттарымыздағы балалар құқығының қорғалуына қатысты мәселелер негізгі желі бойынша жүзеге асуда», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, балалар құқығын қорғаудың басты мәселесі, негізгі өлшемі оларды тегін біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Ал Қазақстандағы балалар проблемасын бірінші кезекте қамтыған негізгі стратегиялық құжат бұл - «Қазақстан-2050» стратегиясы, ондағы білім беру саласы.
«Қазақстанның саясатына сәйкес, елімізде барлық бала тегін біліммен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазіргі таңда елімізде балалардың 99,8 пайызы тегін біліммен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, халықтың аз қамтылған жігі мен әлсіз тобындағы - аз қамтылған отбасылардағы балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар құқығының қорғалуы», - деді вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның негізгі құжаттарында осы топтағы балалардың құқын қорғауға ерекше назар аударылып келеді. Соның ішінде мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, Қазақстанда 2020 жылға қарай балалардың 70 пайызы барлық оқу орындарына қолжетімділігі қамтамасыз етілуі тиіс.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады