- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысының сәулетшілері Тараз қаласына 50 метрлік барельефті сыйға тартты
Алматы облысының сәулетшілері Тараз қаласына 50 метрлік барельефті сыйға тартты
Жамбыл облысының тұрғындарына тарту етілген ерекше сыйдың алғашқысы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне жасалған күрделі жөндеу жұмыстары болды. Мүсіннің құрылысын Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі Қазыбек Жарылғаповтың басшылығымен Қазақстан Республикасы сәулетшілер және қалақұрылыс одағының мүшелерінен құрылған топ жүргізді. Нысанның құрылыс жұмыстарына 23,6 млн. теңге қаражат жұмсалды.
Сондай-ақ Жетісулықтар Тараз қаласындағы Шахристан базары аркасының екі жағына биіктігі 2 метр, ұзындығы 50 метрлік барельеф қабырғасын орнатып берді.
Барельеф қабырғасы төрт негізгі тақырыптан құралған. Атап айтқанда:Бірінші бөлігінде қазақ тарихының бастауы ретінде «Алтын адам» бейнесі,Екінші бөлігінде қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауын әспеттейтін, қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей хандардың бейнесі,Үшінші бөлігінде еліміздің бас қаласы – Астана мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі,Төртінші бөлігінде Жамбыл Жабаев пен оның «Ленинградтық өренім» атты өлеңі бейнеленген.
Нысанның құрылысын С.Абдировтың басшылығымен «Вибро-Тас» ЖШС жүргізді. Жұмсалған қаражат құны 50 млн. теңге.
Барлық жұмыстар демеушілердің қаражатына орындалды.
Бұл игі істің барлығын қалаға жасалған сый құрметтің нышаны деп қабылдауға болады.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының аталып өтілуіне байланысты Алматы облысының Сүйінбай атындағы филармониясының ең үздік жезтаңдай әншілері мен шығармашылық ұжымдары, Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының актерлері, бейнелеу өнері мен қолданбалы өнер шеберлері, түрлі аспата ойнайтын музыкантшылар, Алматы облысының қоғам қайраткерлері мен тілшілері Тараза қаласындағы шараларға үлкен ынтызарлықпен ат салысуда. Басты мақсат облыс тұрғындары мен қонақтарына өшкенді жандырып, ұмыт қалғанды тірілтіп, тарихымыз бентүптамырымызды жаңғыртып-ұлықтар мерекелік көңіл-күй мен есте қалар әсер сыйлау.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр