• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕЭК өнімнің жалпы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша келісім дайындауда

ЕЭК өнімнің жалпы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша келісім дайындауда

9 Қазан, 2015 17:54
Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) техникалық регламенті талаптарымен бекітілмеген өнімдердің айналымы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі мен ережелері туралы халықаралық келісім жобасы қарастырылды.

ЕЭК-тың баспасөз қызметінен хабарлағандай, келісім жобасында үздік халықаралық және еуропалық тәжірибелер бекітілген. Оның ішінде Еуроодақтық өнімнің жалпы қауіпсіздігі бойынша дерективасы бар.

Сонымен қатар, құжатта өнім қауіпсіздігіне қатысты мониторинг жүргізу және ЕАЭО елдері арасында нарықта анықталған қауіпті тауарлар туралы ақпарат алмасу көрініс тапқан. «Құжатқа енгізілген басты постулат өнімнің қауіпсіздігі. Одақ нарығында айналымда жүрген барлық тауарлар қауіпсіз болуы керек, тіпті оларды тасымалдау, сақтау жүзеге асыру барысында да», - деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу мәселелері бойынша Коллегия мүшесі Валерий Корешков. 

Келісім талқыланғаннан кейін қатысушылар оның одан ары аспектілері бойынша жұмыстарды келісіп алды.

Құжат Одақ нарығында тауардың еркін айналымын қамтамасыз ететін негізгі құжат болуы тиіс. Құжат бойынша тараптардың ұсыныстары мен сын ескертпелерін есепке алына отырып жалғастырылады және 2015 жылдың соңына дейін тағы бір отырыста ортаға салынады.

Барлық жаңалықтар