• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алдағы қыста Петропавлдың автожолдарындағы тазалықты 7 кәсіпорын қамтамасыз етеді

Алдағы қыста Петропавлдың автожолдарындағы тазалықты 7 кәсіпорын қамтамасыз етеді

10 Қазан, 2015 11:03
Өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов қыста облыс орталығының көшелерiн қардан тазалайтын қызметтердiң маусымға даярлығымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қар шығару, механикалық тазалау және тайғаққа қарсы материалдармен қамтамасыз етумен Петропавлда сегiз кәсiпорын айналысатын болады.

Бұл кәсiпорындардың машина — трактор паркiнде 128 мың арнайы техника жасақталған. Мағжан Жұмабаев көшесiне сап түзеген техниканың iшiнде автогрейдерлер, құм шашушылар, щетка тiркеген арнайы көлiктер бар.

Кәсiпорындар жетi бағыт бойынша 223 көшенi тазалайтын болады. Олардың барлығы жыл сайын көше тазалау жұмысына қатысып жүрген кәсiпорындар.

Бас мердiгер «СУ-808» ЖШС-нiң директоры Вячеслав Старухиннiң айтуынша кәсiпорын қар тазалау маусымына толық даяр. «Бiз орталықтағы 26 көшенi тазалаймыз. 50 адам жұмыс iстейтiн болады. Көлiк қозғалысына кедергi келтiрмес үшiн барынша түнгi уақытта жұмыс iстеуге тырысамыз», — дейдi Вячеслав Старухин.

Кәсiпорындар басшылары өңiр басшысына қысқа даярлық барысы туралы баяндады. Жалпы қыста 200 адам қала көшелерiн тазалауға қатыспақ. Өңiр басшысы жиналғандарға облыс орталығының көшелерiн таза ұстауға барынша күш салынуы керектiгiн айтты. «Бiр айдың көлемiнде қалық қар түссе, даяр болуымыз керек. Қаланы тазалау үлкен күштi қажет етедi. Жаңа техника алуға ұмтылу керек», — дедi өңiр басшысы өз сөзiнде.

 

Барлық жаңалықтар