- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да ҮЕҰ көшбасшыларының форумы өтті (ФОТО)
ШҚО-да ҮЕҰ көшбасшыларының форумы өтті (ФОТО)
Аталмыш форумға ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Сембинов және облыс аумағындағы белсенді азаматтар қатысты.
«Шығыс – бұрыннан-ақ жаңалықтардың, жаңа идеялар туындайтын жер болған. Осы орайда үкіметтік емес ұйымдармен атқаратын әлеуметтік жобалар жеткілікті. Оның барлығы әлеуметтік ортадағы жағдайды арттыруға және басқа да ұйымдарды жұмысқа тартуға бағытталған. Сондықтан алдағы уақытта бірқатар жобалар қарастырылуда», - деді Ержан Сембинов.
Сондай-ақ, форум барысында «ШҚО Азаматтық Альянсы» ЗТБ төрағасы Олег Чернышов жаңа заңнамалар жүйесіндегі ҮЕҰ үлесі жайлы айтты.
«Ағымдағы жылы елімізде бірқатар заңнамалар жүйесі қарастырылу үстінде. Соның ішінде ҮЕҰ жайлы заңнама да қабылданып, келесі жылы өз күшіне енбек. Дегенмен, бірінші кезекті біздің ҮЕҰ мүшелері сол заңнамалар жүйесіне дайын болып, халықпен жұмыс жасауға әзір болуы қажет», - деді Олег Чернышов.
Айта кетсек, мұндай форум өңірде жыл сайын өткізіледі. Аталмыш сұхбат алаңында ҮЕҰ өкілдері елдегі азаматтық қоғам рөлін нығайту, заңнаманы жетілдіру, азаматтық секторды дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеу сынды маңызды мәселелерді талқылап, шешім қабылдайды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті