- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Байбек: Алматыда әлеуметтік инфрақұрылымдарға тең қолжетілімдік мәселелері сәтті шешілуде
Б.Байбек: Алматыда әлеуметтік инфрақұрылымдарға тең қолжетілімдік мәселелері сәтті шешілуде
Қала басшысы Алматыда ерекше күтімді қажет ететін жандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінетіндігін айтты. Ең бастысы, әлеуметтік қолдау әр адамға жеке көрсетіледі, яғни әлеуметтік қызметкерлер әрбір 43 мың мүгедектің сұраныстарын анықтап, нақтылы көмек көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі мыңнан астам балаға арнайы әлеуметтік қызмет үйде көрсетіледі, 5 мыңнан астам мүгедек медициналық- әлеуметтік мекемелерде және күндізгі орталықтарда болады.
Әкім маңызды шешімдердің бірі ретінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қаланың барлық көлік түрлерінде қолайлы жағдайдың жасалғандығын атап өтті. Автобустардың тең жартысына қозғалысы қиын адамдарға лайықталып жасалған қондырғылар орнатылған. Оның үстіне бұл көліктер экологиялық жағынан таза.
«Қалада әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандарына бару мәселесін қамтамасыз ету де шешіліп келеді. Бұл мәселе әлеуметтік мәні бар нысандарды салу мен қайта жасауда, жолдарды жөндеуде, қоғамдық көлікті пайдалануда басты назарға алынған.Қаладағы инфрақұрылымдар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қол жетімді болуы тиіс, ал тұрғындар арасында жанашырлық, түсіністік рухы қалыптасып, адамдар біріне- бірі қол ұшын бергендері жөн», - деді Бауыржан Байбек.
Әкім мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен жеке сектордың бірігіп қатысуының маңызды екенін қадап тұрып айтты.
«Бүгінгі күні Алматыда шамамен 23 мың мүгедек жұмысқа жарамды деп саналады. Олардың ішінде 6000 адам еңбекпен қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» және « Қаланың даму бағдарламасы» жобалары, бос жұмыс орындарының арнайы жәрмеңкелерін өткізу арқылы жүзеге асуда», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.
Кездесу барысында қала әкімі «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Алматы филиалының төрайымы Нина Жуковскаяға, Түрксіб ауданы «Мүгедектердің еркіті қоғамы» басқармасының төрағасы Кенжебай Құдайбергеновке және «Мен сені сүйемін, өмір» қоғамдық қорының құрылтайшысы Меруерт Сүлейменоваға Құрмет грамоталарын тапсырды.
Кездесу соңында Алматы әкімі ҮЕҰ басшыларына мүмкіндіктері шектеулі жандардың түрлі мәселелерін шешудегі атқарған ерен еңбектеріне, бастамалары мен жобаларына алғысын білдірді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері