• Басты
  • Жаңалықтар
  • Л.Лысова: Біз Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтіп жатқан күндері халық бірлігінің атмосферасын айқын сезудеміз

Л.Лысова: Біз Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтіп жатқан күндері халық бірлігінің атмосферасын айқын сезудеміз

8 Қазан, 2015 20:23
Біз Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтіп жатқан күндері халық бірлігінің атмосферасын айқын сезудеміз. Бұл туралы Таразда Қазақ хандығын атап өтуге арналған мерекелік шара аясында Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Лариса Лысова хабарлады.

«Егер Қазақ хандығы туралы айтатын болсақ, ол бірінші кезекте Қазақстан және жастар үшін. Бұл күллі әлемге біздің мемлекетіміз бірнеше ғасыр бұрын қалыптасқанын көрсету жолында бірегей мүмкіндік және бұл мемлекеттің басты идеясы бірлік. Біз ҚХА мүшелері Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтіп жатқан күндері халық бірлігінің атмосферасын айқын сезудеміз.  Бүгінгі мерекелік күнде ауа-райы да тамаша, ашық аспан, күн жып-жылы.  Бұл шын мәнінде көптеген дүниелерден сыр шертеді, яғни Қазақстанның үстінде ашық және бейбіт аспан», - деп ағынан жарылды  Лариса Лысова.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Елбасы Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысты. 

Барлық жаңалықтар