• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда Ұлы Жібек жолы болашағын әлемнің 13 мемлекетінің өкілі талқылауда

Қазақстанда Ұлы Жібек жолы болашағын әлемнің 13 мемлекетінің өкілі талқылауда

8 Қазан, 2015 18:15
Жамбыл облысы Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Жібек жолындағы әңгімелер» - «Орталық Азия: аймақ халықтарының ынтымақтастығы» халықаралық жобасы жүзеге асырылуда. Халықаралық жобаның мақсаты елдер және ұлттар арасындағы жан-жақты байланысты нығайту.

«Бүгін Таразда 10 мерейтойлық әңгімелесу өтуде. Халықаралық жобаға 13 елдің өкілдері келді, олардың ішінде Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай елдерінің өкілдері бар. Талқылаулар барысында тараптар өзара тәжірибелерімен алмасты. Әр қонақ Орталық Азияның әлеуетін атап өтіп, Жібек Жолын дамыту бойынша бірқатары өз ұсыныстарын берді», - деді «Қазақстан ұйғырлары мәдениеті республикалық орталығы» ҚБ төрағасы, Алматы қаласы ҚХА мүшесі  Рахилям Махпирова «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.

Жоба аясында «Жібек жолындағы әңгімелер», «Орталық Азия: аймақ халықтарының ынтымақтастығы» сынды өзгеде бірқатар тақырыптар талқыланды. Халықаралық дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша арнайы құжат қабылданады деп күтілуде.

Р.Махпирова атап өткендей, шараға ақын, жазушы-әдебиеттанушы Олжас Сулейменов қатысты.

Жалпы, жобаға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, белгілі қоғамдық қайраткерлер, тарихшылар, этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысуда.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар