- Басты
- Жаңалықтар
- Вашингтонда Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтті
Вашингтонда Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтті
Шараға АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің бірінші орынбасары Уильям Тодд, Конгресс, дипломатиялық, ғылыми-зерттеу, сараптамалық ортаның және БАҚ-тың өкілдері қатысты.
Таныстыру шарасын ашқан АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Қайрат Омаров ағымдағы жылы елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы кеңінен аталып өтіп жатқанын айтты. Сонымен қатар ол қатысушыларды ҚР Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші мерейтойлық сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа сапары сәтті өткенін және АҚШ Президенті Борак Обамамен кездескенін және Ақ үйде Ресей, Үндістан, Куба, Қазақстан елдері басшыларының төрт жақты кездесуі өткенін жеткізді.
Кітаптың таныстырылымы барысында авторы Джереми Трединник, танымал археолог Майкл Фрачетти, Хадсон институтының сарапшысы Ричард Вайтц, Қазақтан Пен-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин сөз сөйледі.
«Қазақстанның иллюстрацияланған тарихы» кітабының авторы Джереми Трединниктың айтуынша, түрлі суреттермен фотолармен көркемделген басылым қазақ халқының бай тарихы мен мәдениетінен сыр шертеді.
«Ұлы дала көне заманнан бері заманалық оқиғаларға, фактілерге бай және өткенді зертегісі келетіндерді қатты қызықтырады. Ал, бүгінде Қазақстан әлемдегі өте жылдам дамып келе жатқан мемлекеттердің бірі. Бұл 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатырына ену міндетін алдына қойған мемлекет. Мен бұл ауқымды жоспар жүзеге асырылатынына сенімдімін. Мені Ұлы дала тарихы ұмытылмағаны және оған осындай үлкен көңіл бөлініп отығаны қуантады», - деді автор.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты