- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да жыл басынан бері 15,4 млрд теңгенің жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірілді
ОҚО-да жыл басынан бері 15,4 млрд теңгенің жеңіл өнеркәсіп өнімі өндірілді
Халықаралық көрмеде қазақстандық тауарөндірушілерден бөлек, Корея, Польша, Ресей, Украина және Түркияның кәсіпорындары отандық жеңіл өнеркәсіптің қажеттілігіне арналған жабдықтар мен өнімдерін, сондай-ақ қызметтерін ұсынса, форумда елдегі жеңіл өнеркәсіпті қалпына келтіру жолдары мен оны дамытудың жаңа мүмкіндіктері талқылануда.
Шараға ҚР жеңіл өнеркәсіп өндірушілер одағының төрайымы Сәуле Шәуенова, ҚР «Атамекен» ҰКП атқарушы хатшысы Евгений Больгерт, «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Бектұргенов пен жергілікті және шетелдік тауарөндірушілер қатысуда. Форумда алдағы бес жылдықта елдегі жеңіл өнеркәсіпті дамытудың жолдары мен оған тартылатын инвесторлар туралы айтылса, өңірдегі дайын өнімді шетелге экспорттаудың қыр-сырлары талқыланды.
Жиында, әсіресе, Оңтүстік Қазақстанда мақта – тоқыма кластерін дамытудың түрлі жолдарына ерекше назар аударды. «Жеңіл өнеркәсіпті дамытуды қолдаудың мемлекеттік механизмдері» тақырыбында өткен форумда киімнің қазақстандық брендтерін қалыптастырып, оны жеткізушілерден мемлекеттік тапсырыспен алу жүйесін құрудың жай-жапсары сөз болды.
Облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Бауыржан Омарбековтың айтуынша, өңірдегі жеңіл өнеркәсіпті дамыту саласында айтарлықтай ілгерілеушілік бар. Жыл басынан бері аймақта аталған сала бойынша 15,4 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, жалпы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Оның ішінде тоқыма өндірісінің өнім көлемі 12,4 миллиард теңгені құрайды.
Демек, бүгінгі өткізіліп жатқан халықаралық көрме мен форумда отандық және шетелдік кәсіпкерлер тоқыма саласында әріптестік орнатып, жеңіл өнеркәсіптің одан әрі дамуына жол ашады деген сенім бар. Екі күндік іс-шарада «NADLoC жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» кәсіпкерлер үшін семинар ұйымдастырып, «Қазақстанда жасалған – Сделано в Казахстане» атты бірыңғай логотиптің таныстыру рәсімін жасамақ. Сондай-ақ, қазақстандық дизайнерлердің қолынан шыққан әйелдер мен ерлердің және балалар киімдерінің көрсетілімін өткізу жоспарланып отыр.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді